Көкшетаулық 8 отбасына баспана берілді

Тасқыннан зардап шеккен көкшетаулық 8 отбасына баспана берілді.

Комиссия олардың үйі жарамсыз деп таныған. Осылайша кейінгі екі аптаның ішінде қаладағы 11 отбасы үйлі болды. Ал Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Жақсы мен Зеренді аудандарында бүлінген 70-тен астам үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Шығын көлемін есептеу жалғасып жатыр.

Юлия Николаева, қала тұрғыны:

- Үйімізді су басқанда қатты қиналып, қорқып қалып едік. Енді жаңа баспанаға көшеміз. Қолдау танытқан барша жанға шексіз алғысымды айтамын.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Алғашқы мәлімет деп айтайық, себебі комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. 837 үйді су басқан. Солардың арыздары қаралып жатыр. 74 үйге күрделі жұмыс жасап бердік. Қалған жарымсыз үйлерге баспана алып беру мәселесі қарастырылып жатыр. Әрбір зардап шеккен азамат баспанасыз қалмайды.