ШҚО-да кене шаққандар көбейіп тұр

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандар саны күрт артты. 

Күн ысымай жатып қансорғыштан зардап шеккен адам саны 400-ге жуықтап қалды. Оның 35%-і - бала. «Кеселді жәндік, әсіресе, Алтай, Тарбағатай, Қатонқарағай сынды таулы аудандар мен Риддер,Өскемен қаласы маңында белсенді»,- дейді мамандар. Әзірге кене энцефалитін жұқтырғандар тіркелмеген. Эпидемиологтардың айтуынша, кене тек энцефалит қана емес, отыз шақты ауру таратады. Сондықтан оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды. Облыста  иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Екпе салатын пунктер де ашылған. Қазір өлкедегі қауіпті аймақтарда зарарсыздандыру жұмыстары басталып кетті.

Гүлмира Қайратова, ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маман:

- Өткен жылмен салыстырғанда кене шағу көрсеткіші көбейіп тұр. Өйткені өздеріңіз білесіздер, көктемнің күрт жылынып, ерте келіп түсуіне байланысты. Бір қуанарлығы, кенеден зардап шеккендердің барлығы 97 проценті препаратпен қамтылды. Қалған 3 проценті белгілі себептермен медициналық көмекке жүгінбеген діктен серопрофилактикамен қамтылмады.