30 сәуірде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Онда еліміздің он  телеарнасынан тасқында антына адалдық танытып, кәсіби міндетін абыроймен атқарған қызметкерлердің ерлігі насихатталады.

Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар. Телемарафонда тілшілер мен жүргізушілер 8 өңірден тікелей байланысқа шығып, ақпарат таратады. Сол күні сағат бес пен онның арасында Хабар арнасы қосулы болсын, бүгінгі күннің батырларын бірге танимыз.