Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды.

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады. Алаяқ шетелден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу қызметін ұсынып, 9 кәсіпкерді сан соқтырып кеткен. Жалпы шығын көлемі 470 млн теңгеден асады. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізім-ғайым жоғалған. Оған халықаралық iздеу жарияланып, былтыр желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталды. Көрші ел тарапымен экстрадициялау туралы келісім жасалып, қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.