Су тасқыны: 37 мың адам үйіне оралды

Жайыққа мол су келуіне байланысты Атырау облысында тасқынға қарсы шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Өзеннің су деңгейі мен жайылмаларына жіті мониторинг жүргізіледі. Жағалаудың қауіпті учаскелерінде бөгеттер нығайтылды. Ел бойынша табиғи апат кезінде эвакуацияланған адамдардың 37 мыңнан астамы үйлеріне қайта оралды. Авариялық-құтқару жұмыстарына қазір 21 мың адам, 2 мың техника мен 8 әуе кемесі жұмылдырылған.

Асқар Шәріп, ҚР ТЖМ өкілі:

- 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселген. Өңірлерде республикалық және облыстық жедел штабтар өз жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы азаматтық қорғау қызметкерлерімен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.