Батыста судан қорғанудың арқасында 84 елді мекен аман қалды

Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін су тасқынынан қорғау үшін еліміздің 14 өңірінен 2 мыңнан аса құтқарушы мен әскерилер келген.

Бірлесіп қабылданған шаралар арқасында 84 елді мекен суға кеткен жоқ. Еріген қар суынан залал келген үйлерді есепке алмағанда Жайықтан келген нөпір су оншақты үйге ғана кірген. Ал қала маңындағы саяжайларды сақтап қалу мүмкін болмаған.