Өңірде жағдай тұрақталып келеді. LIVE

Жайықта су деңгейі төмендеді.

Кеше мамандар 6 см төмен түскенін хабарлады. Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз өзен суы облыс аумағынан өтті деп айтты. Қазіргі ахуал қалай? Аудандар мен елді мекендерге қауіп жоқ па? Осы және өзге де сұрақтарға Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш жауап береді. Нұржан, аман-есенсіздер ме? Жайықтағы мол су облыс аумағынан өтті деп жатыр? Қандай да бір су басу немесе жайылу дерегі тіркелмеді ме? Жайықтан келер қауіп сейілді ме?