Еліміздің бірқатар өңірінде тасқын судан қырылған мал шығыны толық өтелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.
Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар «Магоб» оқу орталығында қызу үстінде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.