Маңғыстау облысындағы жоғалған балықшыны іздеу жұмыстары жалғасуда
Теңізде жоғалған маңғыстаулық балықшы әлі табылған жоқ.
Қазір іздестіру жұмыстарына туыстары, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылған. 60-тан астам адам Сарша ауылының маңынан жағалауға дейінгі аймақты тінтісе, сүңгуірлер теңізде іздеуді жалғастыруда. Сонымен қатар 10 қайық пен жол талғамайтын көліктер тартылған. «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-8 тікұшағы мен ұшу аппараттары әуеден барлау жүргізіп жатыр. Шекара қызметінің кинологтары да бұл іске атсалысуда.
Рәтбек Қожахметұлы, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
- Соңғы кезде адамдардың жоғалуы жиілеуіне байланысты облыс қонақтары мен тұрғындарын теңізге шыққан кезде өзімен бірге құтқару құралдарының болуын, сондай-ақ тәуліктің қараңғыжәне дауылды ауа райында шықпауға шақырамыз. Қазіргі кезде полиция қызметкерлерімен тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда жоғалған адамның жеке киімдері аралда табылмады.