Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Олар «Қармет» кеншілерін қорқытып, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалап келген.

Күдіктілерден атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды. Соның ішінде топтың басшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамалды. Қазір олардың өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

-Жедел іздестіру шарасы барысында топтың осындай 15 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған. Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде.