Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда 5,5 баллдық жер сілкінісі болды. Дүмпу шамамен түнгі 02:30-да басталған.

Зілзала ошағы Жалал-Абад облысындағы Каныш-Кыя ауылынан солтүстік-батысына қарай 45 шақырым жерде тіркелді. Сейсмикалық толқындар көршілес елді-мекендерге, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай аумағында да сезілді. Зардап шеккендер жоқ. Айта кету керек, шамамен бір ай бұрын Бішкек маңында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болған.