Елордада өндірістік цехтан өрт шықты
Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпустағы өртті сөндірді, деп хабарлайды 24KZ, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды.