Маңғыстауда автобус апатынан төрт адам көз жұмды
«Бейнеу - Ақтау» тас жолында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам оқиға орнында көз жұмды.
17 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жол апаты түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтаудан Бейнеуге келе жатқан автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, трассаның жиегіне аударып алған. Ішінде 50 адам болған автобус облыс және ауданаралық бағыттарда жолаушы тасымалдайтын жеке компанияға тиесілі.
Еркебұлан Ізкенов,Бейнеу аудандық ПБ бөлім бастығы:
- Қазіргі таңда аталған жол көлік оқиғасы бойынша ҚР қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.