Абай облысының Орлов шахтасында екі жұмысшы уланып қалды

24kz

Бүгін күндізгі сағат 11:00 шамасында Абай облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы зиянды газдан уланды.

 Бұл туралы KAZ Minerals Тобы хабарлап отыр. Зардап шеккендердің біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Екінші адамға медициналық көмек көрсетілді, оның жағдайы тұрақты. Алдағы жаңалықтар шығарылымында бұл туралы толық ақпарат береміз.