Атырауда дронға ұқсас зат табылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас зат табылды.

Бұл жайлы әлеуметтік желіде бейнеролик тарап, көпшіліктің таңданысын туғызды. Кейін Атырау облысының Полиция департаменті құзырлы қызметтермен бірлесіп, дрон бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру іс-шараларын жүргізіп жатқандығын хабарлады. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде анықталған. Оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.