Оралдық құтқарушылар жанып жатқан үйден адамды алып шықты
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, шаруашылық құрылысы мен жеке тұрғын үйде өрт шығып, кейін жалын көрші үйдің шатырына тараған.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үйден 1974 жылы туған әйелді тауып, оны далаға алып шықты. Құтқарушылар бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Қызыл жалын сөндіріліп, көрші үй оттан аман қалды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған әйел медициналық тексерістен кейін үйіне жіберілді.