Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты

Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы Алматы - Боралдай - Шамалған станциясы бағытындағы теміржол өткелінде болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан. Осы сәтте қоғамдық көлік теміржолға шығып кетіп, екеуі қақтығысқан. Жол апатына себепкер автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.