Павлодарда жаңадан салынып жатқан көпірден өрт шықты
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен. Көпірдегі жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкциялары отқа оранды.
Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Күрделі жағдайға қарамастан 160 шаршы метр аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді. Бұл – құрылысы жүріп жатқан көпірден шыққан екінші өрт жағдайы. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.