Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
Ресейдің Бурятия Республикасы, Муй ауданындағы "Ирокинда" кенішінде 2026 жылғы 28 сәуірде қар көшкіні жүріп, салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Қайғылы жағдай туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Муй ауданы аумағында, Ирокинда елді мекеніне жақын жерде қар көшкіні жүрген. Соның салдарынан бір қазақстандық қаза тапқан. Табиғи апаттың құрбаны — 1990 жылы туған А. Тицкий. Алдын ала деректер бойынша, көшкін кезінде алты адам қар астында қалған.
«Қазақстан елшілігі болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен тікелей байланыста», — деп мәлімдеді ведомство.
Қар көшкіні болған сәтте тоғыз жұмысшы алғашқы көшкіннің салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатқан. Үшеуі өз бетінше шығып үлгерсе, алтауы қар астында қалып қойған.