Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Фото: depositphotos.com

29 сәуірде таңертең Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады, деп хабарлайды 24kz .

Осы өңірдің полиция департаменті облыс аумағына дрон құлағаны туралы шағын мәлімет таратты. Осы ақпаратқа қарағанда, қашықтан басқарылатын ұшу аппараты облыстың Қарғалы ауданы аумағына құлаған. 

«Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады жергілікті полиция.

Құзырлы мекеме мәліметінше, дрон елдімекеннен тыс аумаққа түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.