Астанада мешіттен 1 млн теңгелік брендтік күрте ұрланды
Астанадағы мешіттердің бірінде қымбат брендтік күртенің ұрлану дерегі тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».
Полиция мәліметінше, белгісіз азамат мешітке келіп, дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан қара түсті “Moncler” брендінің күртесін жасырын түрде алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.