Астанада LRT стансасында өрт болды

Фото: Астана LRT

Астана қаласында Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан LRT стансаларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған. Станса аумағында пластик құбырлар мен мақта жанып, тілсіз жаудың жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрге жеткен.

Мамандар келген кезде жалын сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар өрттің нақты шығу себептерін анықтап жатыр.