Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Түркістан облысының Аден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт болды. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Ведомствоның дерегінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде бір қабатты балабақша ғимаратының шатыры жанып жатқан. Құтқарушылар дереу өртті сөндіру жұмыстарына кірісіп, тілсіз жауды қысқа уақытта толық ауыздықтады.
Оқиға кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған. Зардап шеккендер тіркелмеді.
Өрттің жалпы ауданы 244 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.