Алматыда 600-ден астам суық қару тәркіленді
Алматы қаласы полиция департаменті жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында 681 дана пышақ, кастет, таяқша және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттар тәркіледі, деп хабарлайды «24KZ».
«Пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруге заңмен қатаң тыйым салынған. Бұл үшін жауапкершілік көзделген. Әсіресе кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылып отыр», -делінген хабарламада.