Бестөбе кенішінде заңсыз кен қазбақ болған екі адам қаза тапты

Фото: depositphotos.com

«Қазақалтын» компаниясына қарасты Бестөбе кенішіндегі шахтада екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ». 

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні «Орталық» шахтасында болған. 

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі азамат шахтаға заңсыз кіріп, кен қазуға әрекеттенген. Алайда жұмыс барысында тау-кен массасы опырылып, оларды топырақ басып қалған. 

Марқұмдардың денелері шахтадан шығарылды. Белгілі болғандай, қаза тапқандар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.