Атырауда тұрғын үй өртке оранды
Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданында алты қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті тез арада сөндіріп, жалынның пәтерге таралуына жол бермеді.
Қатты түтінге байланысты 4-қабаттағы пәтерден 2019 жылы туған бала баспалдақ арқылы далаға шығарылды. Сонымен қатар 45 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен сыртқа шыққан.
Зардап шеккендер жоқ.