Павлодар облысында ұшқыш жансақтау бөліміне жатқызылды
Павлодар облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағының екінші ұшқышы облыс орталығына жеткізілді.
1998 жылы туған ер адам қалалық №1 аурухананың жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Оған политравма диагнозы қойылды. Қазір толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп, динамикалық бақылау жасалып жатыр. Бүгін таңертең Железин ауданы аумағында авиациялық-химиялық шаралар атқару кезінде Ан-2 ұшағы құлап, бір ұшқыш қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе техникасы электр желілеріне соғылған. Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Оқиғаға байланысты тексеру басталды.