Өскеменде бес жасар бала терезеден құлады

Өскеменде бес жастағы бала 4-қабаттың терезесінен құлап, мерт болды. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Бұл – қалада жыл басынан бері көпқабатты үй терезесінен құлауға қатысты тіркелген бесінші жағдай. Құтқарушылар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін күн сайын тұрғын үй кешендерін дрондар көмегімен бақылап жүр. Тұрғындарға ашық тұрған терезелерді жабу керектігін ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмауға үндейді. Тіпті қауіпсіздікті күшейту мақсатында көпбалалы отбасыларға терезені бекітетін арнайы құрылғылар тегін орнатылып жатыр.

Арман Наурызбае, ТЖД басқарма бастығы:
-  Биыл ақпараттық ойын бағытында кітап басып шығарамыз. Алғашқы сериясы балалардың терезеден құлап кету оқиғаларына арналады. Сонымен қатар бірнеше құрылыс компаниясымен мәмілеге келдік. Олар үй салған кезде бірден терезенің толық ашылуын шектейтін құрылғы орнатады.