Ақтөбе облысында жол апатынан тағы бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысында көлік апатынан жарақат алған тағы бір жолаушы көз жұмды. Қайғылы оқиға «Ақтөбе-Астрахань» республикалық маңызы бар жолда тіркелді. 

Қарауылкелді ауылы маңында жүк көлігі мен екі жеңіл автомобиль соқтығысып, жеңіл көліктің бірін сол мезетте жалын шарпыған. Екі адам оқиға орнында қаза болып, түрлі жарақат алған сегіз жолаушы Байғанин аудандық ауруханасына жатқызылды. Ауыр халде жеткізілген жолаушылардың бірі ауруханада көз жұмған. Қазір полиция жол көлік оқиғасының себебін анықтап жатыр.

Досбол Әуезов, Байғанин аудандық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы:

- Ауыр жағдайда болған бір пациентті құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шегішулер қажетті ем алып жатыр. Науқастарға жедел мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санитарлық авиация бригадасы келді.