Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды

Фото: polisia.kz

Криминалдық полиция қызметкерлері ұшақ бортында аса ірі көлемдегі ақша ұрлығын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды «24KZ».

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер бірден ұсталды. 

Олар кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында ұрланған ақша қаражаты толық көлемде заңды иесіне қайтарылды. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз