Чикагода қазақстандық азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті 

АҚШ-та қазақстандық азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Әсет Құралбай есімді жігіттің Чикагода жоғалып кеткенінен хабардар. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланыста және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, - делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы да жігіттің туыстарымен тығыз байланыста.

«Жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», - деді министрлік өкілдері.

24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол кейінгі рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз