АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматына қатысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
АҚШ-та жоғалған 24 жастағы қазақстандық азаматқа қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәліметінше, Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды.
«Қазіргі кезде тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ведомство өкілі бүгінгі брифингте.
Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан.
7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.
10 маусымда полиция оның Toyota Camry көлігін тапқан. Алайда жігіттің өзі әлі күнге дейін табылған жоқ.
Қазақстан СІМ бұл істі бақылауға алып, АҚШ құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқан.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз