Павлодарда пауэрбанк жарылып, бойжеткен күйіп қалды

Фото: Видеодан скрин

Павлодар қаласында сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, бойжеткен күйіп қалды. Оқиға фитнес орталықтарының бірінде болған, деп хабарлайды «24KZ». 

Зардап шеккен Диялраның айтуынша, жаттығудан кейін үйіне қайтуға жиналып жатқан кезде сөмкесінен қою түтін шыға бастаған. Бойжеткен бастапқыда мұны бірден байқамаған.

Ол сөмкесін иығынан түсірмек болған сәтте пауэрбанк жарылып, жалын қыздың қолы мен шашына тиген.

Оқиға орнындағы қызметкерлер өртті дереу сөндіруге әрекет жасағанымен, жалын толықтай тек ғимарат сыртында ауыздықталған.

Салдарынан бойжеткен түрлі деңгейдегі күйік жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.