Ақтау тұрғыны ірі мөлшердегі есірткімен ұсталды
Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті.
Полиция қызметкерлері күдіктіге тиесілі қоймадан есірткі заттарын дайындайтын құрал-жабдық тапқан. Тінту жұмыстары оның тұрғылықты мекен-жайында да жүргізіліп, 20 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары есірткінің Маңғыстау облысына қай өңірден жеткізілгенін анықтап жатыр.
Нұрбол Бақтыбай, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
- Жедел ідестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе прокуратураның үйлестіруімен заңсыз айналымнан есірткі затын тәркіледі. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.