Қазақстанда бір күнде 5 орман өрті тіркелді
Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бір күнде 5 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрттер 2026 жылғы 28 маусымда әртүрлі өңірлерде болған.
Өрттердің бірі Ақмола облысында, бірі Алматы облысында, екеуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында және бірі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркелді.
Өрт ошақтары ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, жедел оқшауланды. Орман күзеті қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде тілсіз жаудың таралуына жол берілмей, барлық өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.
Министрліктің мәліметінше, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз