Атырау–Ақтөбе тас жолында екі көлік соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

Фото: instagram.com/atyrauoil.news/

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ» жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 6 шілде күні сағат 13:30 шамасында Атырау–Ақтөбе тас жолының 582-шақырымында болған.

Toyota Alphard және Volkswagen Polo көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктегі алты жолаушы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазір оқиға бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз