Алматы облысында 1,2 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Алматы облысының полицейлері Бақанас-Топар жолында көліктен 7 келіге жуық есірткі тәркіледі.
Сот-химиялық сараптама заттың кептірілмеген марихуана екенін растады. Тергеу барысында 35 жастағы күдікті жабайы қарасораны қай жерден жинағанын көрсетті. Полиция қызметкерлері сол аумақтан бір тоннадан астам есірткі құрамды өсімдікті тәркіледі.