Қазақстанда суға шомылу маусымы басталғалы 68 адам қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Суға шомылу маусымы басталғалы, яғни 1 маусымнан бері Қазақстанның су айдындарында 68 адам, оның ішінде 24 бала қаза тапты. Бұл туралы Бас прокуратура Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сүйене отырып мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 90 адам, оның ішінде 23 бала аман қалған.

Бас прокуратура азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылуға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық рейдтер жүргізіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Прокуратура ата-аналарға балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауды ескертеді. Мамандардың айтуынша, бірнеше минуттық салғырттық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз