Алматыда камаз бен пойыз соқтығысты
Алматы қаласының Түрксіб ауданында КАМАЗ жүк көлігі мен теміржол құрамы соқтығысты, деп хабарлайды «24KZ».
Қалалық полиция департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жүк көлігі жүргізушісінің маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетуі салдарынан болған. Осы кезде тоғыз вагоннан тұратын пойызбен қақтығыс орын алған.
Апат салдарынан КАМАЗ жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк көлігі қатты механикалық зақымданды, – делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.
Аталған факті Түрксіб аудандық полиция басқармасында тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция өкілдері теміржол өткелі қауіпті аймақ екенін ескертіп, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және теміржолдан өту кезінде аса мұқият болуға шақырды.