Алматы облысында әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан жас жігіт қамауға алынды
Алматы облысында TikTok пен Instagram желілерінде әдепсіз видео жариялаған 22 жастағы жергілікті тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ».
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, дөрекі балағат сөздер қолданылған бейнежазбаны анықтады. Бұл әрекет қоғамдық мінез-құлық нормаларын менсінбеу белгілері ретінде бағаланды.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған видеоның авторы – өңірдің 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан болып шықты.
Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістік болып табылатынын және қолданыстағы заңнама талаптары цифрлық ортадағы мінез-құлыққа да қатаң қолданылатынын еске салды.