Полицейлер баланы аман алып қалды
Ақтауда 10-қабаттан құлап кете жаздаған бес жасар баланы полицейлер аман алып қалды.
Терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен бүлдіршін туралы хабар 102-ге түскен. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері келген сәтте бала терезеден толық шығып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Баланың өмірі сақталып, қазір оның денсаулығына қауіп жоқ. Полицейлер ата-аналарға балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуға және терезе маңына жиһаз қоймауға кеңес береді.