Семейде жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды
Семейде жоғалған 8 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды «24KZ».
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Семей қаласының полициясына Цемпоселок ауданындағы «Атамекен» дүкенінің маңында 8 жастағы баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті. Себебі бала сөйлемейді және оның Ертіс өзеніне қарай кетіп қалу ықтималдығы болған.
Хабарлама түскен бойда Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Жақын маңдағы аумақ пен баланың жүруі мүмкін бағыттар жедел тексерілді.
Іздеу шараларының нәтижесінде полицейлер баланың орналасқан жерін анықтады. Бала аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.
Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз