Көкшетауда жоғалған бала ашық құдықтан өлі табылды

фото: ЖИ

Көкшетауда жоғалып кеткен бала ашық құдықтан өлі табылды, деп хабарлайды 24KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Бала жоғалғаны туралы полицияға 8 қазанда хабар түскен. Іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылды.

Іздестіру шаралары барысында бала ашық құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. - делінген хабарламада.

Баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: