Шымкенттегі Қаратөбе тас жолында газ құбыры өртенді
Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тас жолында газ құбыры жанып, төтенше жағдай орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар мен газ қызметінің мамандары тілсіз жауды толықтай ауыздықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Бүгін «112» пультіне газ құбырының тұтанғаны туралы хабарлама түскен болатын. Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жүк көлігі мен бұрғылау жабдығының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Жедел әрекет еткен газ қызметі дереу вентильді жауып, газ беруді тоқтатты. Өз кезегінде ТЖМ күштері құбырды салқындатып, өртті сөндірді және оттың жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына тосқауыл қойды.
ТЖМ азаматтарға кез келген төтенше жағдай немесе өрт кезінде дереу «112» нөміріне хабарласу қажет екенін ескертеді.