Экс-депутат Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адам комадан шықты

Әлеуметтік желіден

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында жол апатынан зардап шеккен Нұржігіттің жағдайы туралы жаңа мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды «24KZ».

24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есі кіріп, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр.

Қазіргі уақытта зардап шегуші Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдауын жалғастыруда. Оған әлі де қарқынды терапия қажет, ал жағдайы реанимация дәрігерлерінің жіті бақылауында. Сондай-ақ, бұрынғы депутаттың айтуынша, зардап шеккен азаматты емдеуге Денсаулық сақтау министрлігі де тікелей қолдау көрсетіп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: