«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Астанада 6 адамды алдаған алаяқ сотталды

Фото: depositphotos.com

Астанада азаматтарға жүргізуші куәлігін таныстары арқылы алып беруге уәде еткен алаяқ сотталды. Бұл туралы елорда прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу мәліметінше, сотталған азаматқа алты адам жүргізуші куәлігін рәсімдету үшін жалпы 2,3 млн теңге берген. Алайда ол уәдесін орындамай, алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот отырысында прокурор сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Ол өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтеген.

Сот үкімімен ер адамға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сонымен қатар жазасын өтеу кезеңінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы шешім қабылданды.

Сотталған адамға бірқатар шектеу қойылды. Атап айтқанда, пробация қызметін алдын ала хабардар етпей тұрғылықты және жұмыс орнын ауыстыруға, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктер тұтынылатын ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, жұмыссыз қалған жағдайда жұмыспен қамту орталығына тіркелуге міндеттелді. Сондай-ақ сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін тұрғылықты жерінен тыс жерде болуына шектеу қойылды.

 Сот үкімі заңды күшіне енді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: