Павлодарда дөңгелек жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты
Павлодарда дөңгелек жөндеу орнында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Үлкен айналма жол бойында болған, деп хабарлайды 24KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде шина жарылған. Соның салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем шақыртуы сағат 10:30-да түскен. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтады.
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігіне дөңгелек орнату жұмыстары кезінде дөңгелек жарылған. Соның салдарынан жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген түсініктемеде.