Теміржол вагондарын жалға береміз деп 22 млн теңге жымқырған алаяқтар ұсталды

POLISIA.KZ

Жамбыл облысында алаяқтықпен 22 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу барысында күдіктілердің логистикалық компания қызметкерлері ретінде танысып, теміржол вагондарын жалға беру қызметін ұсынған. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның жалпы сомасы 22 млн теңгеге жуық қаржысын иемденген.

Жамбыл облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті Алматы қаласының аумағынан ұсталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: