Астанада ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде 55 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 12 және 14 жастағы екі баланың көз алдында болған.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазір оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.