Жетісу облысында машинист далада жалғыз жүрген 4 жасар бала үшін пойызды тоқтатты

Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында төрт жасар бала теміржол жолдарының маңындағы далада жалғыз қалған. Жүк пойызының машинисі пойыз қозғалысы кезінде баланы байқап, құрамды тоқтатты, деп хабарлайды 24KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында Сарыөзек – Үштөбе теміржол учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында болған.

Жүк пойызының машинисі теміржол төсемінің жанында Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз келе жатқан төрт жасар баланы байқап қалған.

Пойыз шамамен сағатына 38 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, құрамды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына алып кеткен.

Болған жағдай туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлаған. Пойыз тоқтағаннан кейін баланы Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырды. Қызметкер баланың ата-анасымен байланысқан.

Сондай-ақ оқыңыз: